Мектеп тарихы
Мектеп тарихы
Мектеп алғаш рет 1956 жылы 1 қарашада Қаскелең қаласының шығыс бөлігінде тұратын қала жұртшылығының балалары үшін бастауыш мектеп ашылды.
1963 жылы жеті жылдық, 1965 жылы сегіз жылдық мектеп болып, М. И. Калинин аты берілді.
1973 жылы мектептің жаңа типті ғимараты салынды және осы жылы орта мектеп болды.
1991 жылдан бастап М.И.Калинин атындағы орта мектеп орыс және қазақ тілдерінде оқитын аралас мектеп болды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 441 Үкімет Қаулысының негізінде мектеп Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп болып аталды.
2012 жылдан бастап «Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.